ҚР ПІБ Медициналық орталығының боулинг турнирі өткізілді

13.10.18

1

2018 ж. 13 қазанда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдары арасында Астана қ. 20-жылдығына арналған боулинг турнирі өтті. Турнирге барлығы 6 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды: 1 орын – «Орталық клиникалық аурухана» АҚ, 2 орын – «ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» РМК және 3 орын – «ҚР ПІБ Медициналық орталығы» ММ.

Сонымен қатар, турнирдің үздік ойыншылары анықталды: Малаева Марина Анатольевна («Орталық клиникалық аурухана» АҚ) және Тәжін Бейбіт Қонысұлы «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК.

Турнир жеңімпаздары және үздік ойыншылары кубоктармен, дипломдар мен грамоталармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Спортшыларымызды жарыстағы жеңісімен шын ниетпен құттықтаймыз!

11

11

11

11

11

  • Просмотров: 164

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты