«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ «Реабилитология және курортологияның басым бағыттары» атты VI халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

01.10.18

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысы В.В. Бенбериннің атынан ҚР ПІБ МО «МТАЖО АҚ президенті С.А. Қайыргелдина алғы сөз сөйлеп, «Қазақстан Республикасының санаторий-курорттық қызметін дамыту» тақырыбында баяндама жасады.


Конференцияның ұйымдастырушысы - «UMC» корпоративтік қорының Балаларды оңалту ұлттық орталығы

Конференцияның салтанатты ашылуы рәсімінде Медицина жөніндегі вице-президент - «Назарбаев университеті» АБҰ Медицина мектебінің деканы Массимо Пиньятелли және «UMC» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы Ж.Ш. Жұмадилов сөз сөйлеп, осы конференцияның тәжірибе алмасуға және реабилитология мен курортология саласындағы жетістіктермен бөлісуге үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Конференция аясында қатысушылар реабилитология мен қалпына келтіру медицинасының заманауи аспектілерін, медициналық емдеудің инновациялық әдістерін; кинезотерапияны, түзету педагогикасын, реабилитологиядағы әлеуметтік бейімделуді және басқа да тақырыптарды талқылайтын болады.
Мұндай халықаралық конференцияны өткізудің негізгі идеясы реабилитология мен қалпына келтіру медицинасы саласындағы мамандардың тәжірибе алмасуы, айрықша мұқтаждықтары бар пациенттердің өмір сапасын жақсартудағы проблемалы мәселелерді бірлесіп шешу болып табылады.
Халықаралық конференцияның қорытындылары Қазақстанда реабилитология саласындағы инновациялық әдіс-тәсілдерді зерделеуге және қолдануға деген өсіп жатқан сұранысты қанағаттандыруға көмектеседі.

Баяндама жасау және оқыту семинарларын өткізу үшін Литва, Ресей, Қырғызстан және Германия секілді таяу және алыс шет елдердің алдыңғы қатарлы әлемдік сарапшылары және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылды.

«Реабилитология мен курортологияның басым бағыттары» атты VI ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.

 

1

1

 

  • Просмотров: 242

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты