Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Жеңіл су – өмір сапасы мен оның ұзақтығының негізі. Теория және практика» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуы

06.10.18

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысы В.В. Бенбериннің атынан Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары А.Н. Дөкенов алғы сөз сөйледі.

«Астана» Медициналық университетінде денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында «жеңіл» ауыз суды тұтыну мәдениетіне халықты үйрету бойынша ақпараттық-ағарту жобасын іске қосуға арналған баспасөз конференциясы өтті, - деп Көкшетау минералды су АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды «Көкшетау Азия» ақпараттық агенттігі.

Бұл жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің, Қазақ тағамтану академиясының Тағамтану проблемалары институтының, «Астана» Медициналық университеті оқытушыларының және ғалымдарының, сондай-ақ өзінің бірегей қасиеттері үшін дамыту үшін ғылыми грант алған Turan «жеңіл» табиғи минералды суды шығаратын «Көкшетау минералды су» акционерлік қоғамының қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым қорының гранты бойынша іске асырылуда.

Ұйымдастырушылар: Қазақ тағамтану академиясының Тағамтану проблемалары институты, «Көкшетау минералды су» АҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым қорының және «Астана» Медициналық университетінің қолдауымен «Азия Су Компаниясы».

 

1

1

 

  • Просмотров: 164

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты