2018 жылғы 9 айдың жұмыс қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының алқасы өтті

16.10.18

1

2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы алқасының отырысы өтті. Осы іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

2018 жылдың 9 айы ішінде Медициналық орталық медициналық көмектің ұйымдастырылуын жетілдіру, нормативтік базаны жетілдіру, материалдық-техникалық базаны нығайту және тіркелген контингентке көрсетілетін емдеу-сауықтыру қызметтерін күшейту бойынша жұмыс жүргізді. Алқа жұмысының барысында келесі ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметі көрсетілді: Астана қаласындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» РМК, Алматы қаласындағы «Орталық клиникалық аурухана» АҚ, ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Оқжетпес» ЕСК» АҚ, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ. Бірінші басшылар 2018 жылғы алғашқы 9 айында жүргізілген қызметке өткен жылдармен салыстырып талдау жасады. Ұйымдардағы қазіргі жағдай, жаңа жетістіктер мен инновациялық жобалар, халықаралық ынтымақтастықты дамыту нәтижелері, проблемалар мен оларды шешу жолдары, жақын болашақта даму жоспары ұсынылды.

Медициналық орталық алқасының барлық мүшелерінің қатысуымен талқылау жүргізілді. Қызметтің оң және теріс үрдістері белгіленіп, ведомстволық қарасты ұйымдардың бұдан кейінгі орнықты дамуының негізгі мәселелері талқыланды. Медициналық орталық басшысы орынбасарларының сөздерінде жетекшілік ететін мәселелер бойынша негізгі индикаторларға талдау жасалды.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары Қанат Бейбітұлы Шөкенов және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы, профессор Бенберин Валерий Васильевич ведомстволық қарасты ұйымдардың бұдан кейінгі дамуы бойынша аналитикалық қорытындылар мен ұсыныстар берді.

1

1

1

1

1

  • Просмотров: 139

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты