
Ауруды емдеуден алдын алу жеңіл.
Менингококко инфекциясы және алдын алу шаралары. Бұл қандай ауру?
Менингококк инфекциясы, тұрмыстық өмірде менингит – инфекциялық (жұқпалы ауру), ауруды белгісіз тасымалдаушы, назофарингит (мұрын мен жұтқаншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зарарлануы) секілді түрлі клиникалық белгілері бар бактериялар қоздыратын жіті жұқпалы ауру.
Менингококктық жұқпа – бұл адамдарда ғана болатын ауру. Ауа-тамшылары арқылы беріледі және менингококк бактериясын тасымалдаушыдан менингит және менингококктық сепсиске дейін өте жедел өтетін, клиникалық белгілерінің әралуандығымен сипатталатын жұқпа: Клиникалық белгілерінің ауырлығына қарамастан бұл ауру өте сирек кездеседі.аурудың алғашқы белгілері кәдімгі суық тиюден айырмашылығы жоқ: мұрын бітеледі, жөтел пайда болады. Одан кейін оның үш басты симптомы пайда болады: дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріледі, құсу мен бастың қатты ауруы. Мұндай науқастарға тән дене қалпы мынадай: олар аяқтарын ішіне қарай жинап басын шалқайтын жатады. Басты кеудеге қарай еңкейту ауырға соғып, мойынның бұлшық еті мен желке тырысып ауырады. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқаның және аяқ-қолдың сырқырауы байқалады. Науқас адам шөлдейді, тәбеті нашарлайды. Ауру жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан өте қауіпті түрде өтетінін айта кету керек, ол тұмау, баспа, суық тию, тонзиллит және т.б. сияқты «зиянсыз» ауруларға ұқсас болады. Тоңу, ауыру, қатты шаршаудан организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай пайда болғанда менингококк бас миының қабығына тез өтеді және қабынуды тудырады. Аурудың анық белгілері пайда болғанда, медициналық көмекке уақтылы жүгінбеген кезде өлім-жітім 50%-дан артықты құрайды.
Ауру қалай жұғады?
Инфекцияның көзі — науқас адамдар және «дені сау тасымалдаушылар», яғни қандай да бір клиникалық белгілері жоқ, бірақ менингококк инфекциясын тасымалдайтын сау адамдар, мұндай 1800 тасымалдаушыға 1 сырқаттанған келеді, бұл адамдардың қауіптілігі – олар өздері ауырмайды, алайда ауруды басқаларға жұқтырады. Менингококк инфекциясы барлық жерде, барлық елдерде кездеседі. Көбіне 5 жастан төмен балалар ауырады, себебі олардың иммундық жүйесі қалыптаспаған және жасөспірімдер мен 30 жасқа толмаған жас адамдар ауырады, себебі осы жастағы адамдар көп уақытын көптеген тәуекел факторларының - адамдардың көп шоғырлануы, темекі шегу, ортақ сусындар және т.б. факторлардың үйлесуімен ерекшеленетін түнгі клубтарда өткізеді. Бұл ауру қысқы-көктемгі кезеңде өршиді, оның себептері - қоғамдық орындарда, көліктер ішінде адамдардың шамадан көп жиналуы мен таза ауада жеткіліксіз уақыт болу.
Как передаётся заболевание?
Инфекция ауа тамшылары арқылы жұғады. Науқас адам түшкіргенде, жөтелгенде ауаға инфекция таралады. Қоздырушы – менингококк сыртқы ортаға төзімсіз, суық және құрғақ ауада жылдам жойылады, қайнатқан кезде 30 секундта өледі. Микроб инфекция көзімен ұзақ және тығыз қатынас кезінде (бірге ұйықтағанда, тамақ ішкенде, бірге оқып тәрбиеленгенде) жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықтары арқылы сау адамның ағзасына енеді. Жұқтырып ауру басталу мерзімі 1 дейін 10 күнге дейін. Аурудың бірінші күнінен-ақ науқас айналасындағы адамдар үшін қауіпті. Ауру жұқтыру қауіпі аса жоғары. Менингитттер бас миы мен жұлынның құабығының қабынуымен сүймелденеді, оларды вирустар (сероздық) және бактериялар (ірінді) қоздырады. Ең қауіптісі бактериальдық менингиттер, дер кезінде басталған емге қарамастан олардан өлім-жітім 40% жетеді.
Салдары қандай болады?
Аурудан кейінгі асқыну – кереңдік, кішкентай балаларда – естімейтін мылқаулық, сирек жағдайларда – паралич. Өз бетінше емделуге уақыт жұмсамай, дереу дәрігерді немесе жедел медициналық жәрдемді үйге шақыртыңыз, неғұрлым білікті медициналық көмек көрсетілсе, сол ғұрлым жылдам және тиімді сауығуға болады.
Қандай профилактикалық шараларды ұстанған жөн?
Суық тиюден сақтану, баламен қоғамдық көлікте жүрмеу,адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу, баламен таза ауда көп серуендеу қажет. Бала туылуына байланысты мерекелік іс-шараларды бала жатқан пәтерден тыс жерлерде өткізген жөн. Ағзаны шынықтыру шараларын ұмытуға болмайды: су процедуралары, күн тәртібін сақтау – организмнің төзімділігін жоғарлатады. Ата-аналар суық тию аурулары кезінде дәкеден жасалған (бір жолғы) маскаларды қолдану қажеттігін есте сақтаңыздар!
• Суықтамау және ауа-райына қарай киіну керек.
• Қолды жуыңыздар. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін;
• Өз денсаулығыңызды бақылаңыздар. Жақсы демалып, жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстана отырып, өздеріңіздің иммундық жүйелеріңізді сақтаңыздар;
• Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауын орындауы керек. Науқас адам жатқан бөлмені (ауру ошағында) күнделікті ылғал жинап-тазалау, жиі ауасын тазартып тұру қажет; балалар ұйымдарында бактерицидтік шамдармен ауа зарарсыздандырылады, жатын бөлмелерде балаларды тығыз жатқызбай керек. Науқас адаммен отбасыда, ұжымда қатынасқа түскен барлық адамдар 10 күн бойы медициналық қарап-тексеруге тартылады, менингоккок тасымалдаушылығына тексеруден өтеді. Ұйымдастырылған ұйымдарда санитариялық эпидемияға қарсы режимді сақтау және аурудың таралуына жол бермеу үшін - аймақтық гигиена және эпидемиология орталығының мамандары тиісті шаралар қабылдап бақылау жүргізеді.
Ыстық желі: 88000700830